1 Жалпы ережелер
1.1 Осы ереже «Дүниежүзілік су күніне» арналған бейнероликтер байқауын ұйымдастыру мен өткізудің жалпы тәртібін айқындайды.
1.2 Бұл байқау 22 наурыз - «Дүниежүзілік су күніне» арналған.
1.3 Байқауды ұйымдастырушы «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ «Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығы».
2 Мақсаты және міндеті
2.1 Мақсаты – мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділігін ынталандыру, судың маңыздылығы және су тапшылығы мәселесі туралы білімді насихаттау және тарату, өскелең ұрпаққа суды үнемдеу негіздерін сіңіру, сондай-ақ су ресурстарын үнемдеу саласындағы қоғамдық сана мен азаматтықты қалыптастыру.
2.2 Байқау міндеттері:
- оқушыларды су ресурстары мәселелеріне тарту және назарларын аудару;
- табиғат ресурстарына деген сүйіспеншілікке және ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
- ой өрісті кеңейту, бақылағыштықты, эстетикалық талғамды дамыту және алға қойған мақсаттарды шешуде шығармашылық көзқараспен қарау.
3 Байқаудың өту мерзімі
3.1 Байқау 2025 жылдың 31 наурызынан сәуірдің 3 аралығында өтеді.
3.2 Байқау жұмыстары 2025 жылдың 30 наурызына дейін қабылданады.
4 Байқауға қатысушылар
4.1 Байқауға 7-11 сынып оқушылары қатыса алады. Жұмыс жеке және ұжымдық болуы мүмкін.
5 Байқау шарты
5.1 Байқауға берілген тақырыпқа сай келетін, кез келген қол жетімді құралдармен түсірілген, жасалған бейнероликтер ұсынылады.
5.2 Бейнероликке қойылатын талаптар:
- Бейнеролик тақырыбы – «Дүниежүзілік су күні»;
- Бейнеролик форматы – MP4, Full HD;
- Бейнеролик тұнықтығы (разрешение) - 1920х1080. Бағыты – көлденең;
- Бейнеролик ұзақтығы – 1-3 минут;
- Бейнероликте қатысушының қатысуы міндетті түрде;
- Бейнероликті өңдеу және түсіру кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды қолдану қатысушының өз еркінде;
- Бейнероликтер саны – әр қатысушы (қатысушылар тобы) тек бір ғана бейнеролик ұсына алады;
- Бейнеролик жанрын қатысушылар өздері анықтайды (сұхбат, репортаж, бейнеролик және т.б.);
- Бейнероликте фотосуреттерді қолдануға болмайды;
- Байқауға басқа адамдардың ар-намысы мен сезімін қорлайтын, байқау тақырыбына сәйкес келмейтін немесе әдепсіз сөздерді қамтитын жарнамалық бейнероликтер қабылданбайды.;
- Авторлар өз жұмыстарын және жеке деректері бар файлды (1-қосымша) келесі сілтеме https://storage.ektu.kz/nextcloud/index.php/s/rAEgrJiDHPSMnA7 немесе төмендегі QR код арқылы жүктейді және міндетті түрде тегін, атын және «Дүниежүзілік су күні» тақырыбын көрсетеді.
Байқау үш кезеңнен тұрады:
- бірінші – 5.2 пункт талаптарын ескере отырып, жұмыстарды қабылдау;
- екінші – EKTU.KZ You Tube каналында тікелей дауыс беру;
- үшінші – үздік жұмыстарды таңдау үшін қазылар алқасының отырысы.
6 Байқау комиссиясы
6.1 Бейнероликтерді бағалау үшін Ұйымдастырушылармен құрамына «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ «Медиа орталығы» және «Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығы» қызметкерлері кіретін байқау комиссиясы құрылады.
6.2 Байқау комиссиясы төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады.
6.3 Конкурстық комиссиялар өз қызметінде конкурс материалдары мен шараларын бағалауда объективтілік пен ашықтық қағидаттарын басшылыққа алады.
6.4 Байқау комиссиясы:
- байқау жеңімпазын анықтайды;
- өз қалауы бойынша қосымша номинациялар енгізуге құқылы.
7 Авторлық құқық
7.1 Байқауға қатысатын жұмыстың авторлық құқығын сақтау жауапкершілігі осы жұмысты конкурсқа жіберген авторға (қатысушылар командасына) жүктеледі.
7.2 Өз жұмысын байқауға жіберу арқылы автор (қатысушылар тобы) байқауды ұйымдастырушыларға автоматты түрде ұсынылған материалды пайдалану құқығын береді (интернетте орналастыру, шығармашылық жобаларға қатысу және т.б.).
7.3 Қажет болған жағдайда байқауды ұйымдастырушылар автордан бейнероликтің түпнұсқасын сұрай алады..
7.4 Жіберілген бейнелерді қайтару мүмкін емес.
8 Бейнероликтер байқауының қорытындысын шығару
Конкурстың бірінші кезеңіне осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін Конкурсқа қатысушылар жіберіледі.
Екінші кезеңде бейнероликті «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ «Медиа орталығы» қызметкерлері EKTU.KZ You Tube каналына ашық дауыс беру үшін орналастырады.
Байқау қорытындысы университет, мектеп сайттарында және университет, мектеп парақшаларында жарияланады.
Ең көп лайк жинаған бейнеролик арнайы сыйлыққа ие болады.
Нәтижелер қорытындысы бойынша жеңімпаздарға 1, 2, 3 орындар беріліп, сыйлық сертификаттарымен марапатталады. Барлық қатысушылар мен жұмыс жетекшілеріне «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ Басқарма төрағасы-ректорының атынан Алғыс хаттар табыс етіледі.
9 Байқау жеңімпаздарын марапаттау
Жеңімпаздарды марапаттау және барлық қатысушыларға Алғыс хаттарды табыстау байқаудың 3 кезеңі аяқталғаннан кейін болады. Тапсыру күні бойынша мәліметтер қосымша хабарланатын болады.
Қосымша 1
Қатысушының Т.А.Ә. | Мектеп атауы | Қатысушы телефоны | Жетекші Т.А.Ә. | Жетекші телефоны |
---|---|---|---|---|
|
|
|
|
|