2025 жылдың 26 наурызынан бастап «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ әскери кафедрасына офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студент қыздардан құжаттарды қабылдау басталады.
Конкурстық іріктеуге қажетті құжаттардың тізімі:
- Өтініш.
- Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).
- Көлемі 3х4 см екі фотосурет.
- Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.
- Студенттің ЖЖООКБ-да нақты оқитыны туралы факультет деканы қол қойған анықтама.
- 2 файл.
Қажетті ақпарат Instagram (ektu.askerikafedra) парақшасында, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ сайтында (/departments/military_subdep.aspx).
Әскери кафедра мекен-жайы: Әміре Қашаубаев көшесі 7/2, №17 каб.
Анықтама телефондары: 8-705-644-19-95 (WhatsApp)