ШҚТУ-дың халықаралық «жасыл» рейтингтердегі (Green Metric, THE Impact және т.б.) орнын жоғарылату мақсатында, сондай-ақ Green Campus және «EKTU.Otbasy - игілікті аумақ Well-being» жобаларын жүзеге асыру аясында ШҚТУ пластик бөтелкелерді (2 литрге дейін) фандомат арқылы жинау байқауын жариялайды!
Байқауға қала тұрғындары, университет қызметкерлері мен студенттері қатыса алады.
Акция «Таза Қазақстан» (2024-2029 жж.) экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында өтеді және республикалық «3.2.1. Старт!» байқауын қолдайды.
Байқау серіктестері:
- «ЭкоВостокЛидер» ЖШС
- «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС
- Sparklo компаниясы (экологиялық таза технологиялар)
- «3.2.1. Старт!» жобасы
Байқау механикасы:
- Бөтелкелерді өткізген кезде қатысушылар телефон нөмірін көрсетіп, ұпай жинайды.
- Жинақталған пластик туралы мәліметтер тіркеледі.
- Жеңімпаздар дипломдар мен фирмалық өнімдерге ие болады.
Байқау 2025 жылғы 27 сәуірге дейін жалғасады!