Наурыздың 24-і UNIVERSIDADE DE SANTIAGO DE COMPOSTELA (Faculty of Economic Science and Business) университетінде Erasmus+ ERASMUS-EDU-2023-CBHE «Циркуляр экономикасы мен тұрақты даму саласындағы инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу - irculEC» жобасының үшінші модулі басталды.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ - осы жобаның грант иегері және Орталық пен Орта Азия елдері және Еуропалық Одақ университеттеріндегі серіктестердің үйлестірушісі. Жоба аясында жетекші университеттер өз тәжірибелерімен бөлісуде. ШҚТУ-ды бұл іс-шарада университеттің басқарма мүшесі, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор, жоғары білім реформаларын жүргізу жөніндегі Ұлттық команданың (HERE) мүшесі Конурбаева Ж.Т. таныстырады. Сондай ақ Альфия Манарбекқызы жаңа ілім алып қайтты
Циркуляр экономикасы мен тұрақты дамуды ілгерілетуге белсенді атсалысатын университетіміз үшін бұл модуль маңызды қадам болды.
Жобаның «capacity building» нәтижесінде әр университет өз оқу процесіне енгізетін пәндер мен модульдердің мазмұнын қалыптастырады.
Профессор Xavier Vence (USC университетіндегі жобаның үйлестірушісі), циркуляр экономикасы бойынша беделді ғалымдардың бірі, кездесуді «Жабық циклді экономика және тұрақты даму негіздері» тақырыбындағы баяндамасымен ашты.
Оның мазмұны:
- Циркуляр экономикасы мен тұрақты дамудың негізгі ұғымдары, қағидалары мен артықшылықтары.
- Циркуляр экономикаға көшуді көздейтін саясаттар мен стратегиялар.
- Әртүрлі салаларда циркуляр экономиканы енгізудің үздік тәжірибелері мен нақты мысалдары.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ оқу бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерге циркуляр экономика қағидаларын енгізуде.
Білім мен тәжірибе алмасу мақсатында жетекші университеттер мен ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуда.
Тұрақты болашақтың қалыптасуына өз үлесін қосуда.
Бізге қосылыңыз! Бірге тұрақты әлем құрайық!