ШҚТУ-дың халықаралық «жасыл» рейтингтердегі (Green Metric, THE Impact және т.б.) орнын жоғарылату мақсатында, сондай-ақ Green Campus және «EKTU.Otbasy - игілікті аумақ Well-being» жобаларын жүзеге асыру аясында ШҚТУ пластик бөтелкелерді (2 литрге дейін) фандомат арқылы жинау байқауын жариялайды!

Байқауға қала тұрғындары, университет қызметкерлері мен студенттері қатыса алады.

Акция «Таза Қазақстан» (2024-2029 жж.) экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында өтеді және республикалық «3.2.1. Старт!» байқауын қолдайды.

Байқау серіктестері:

  • «ЭкоВостокЛидер» ЖШС
  • «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС
  • Sparklo компаниясы (экологиялық таза технологиялар)
  • «3.2.1. Старт!» жобасы

Байқау механикасы:

  • Бөтелкелерді өткізген кезде қатысушылар телефон нөмірін көрсетіп, ұпай жинайды.
  • Жинақталған пластик туралы мәліметтер тіркеледі.
  • Жеңімпаздар дипломдар мен фирмалық өнімдерге ие болады.

Байқау 2025 жылғы 27 сәуірге дейін жалғасады!