«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 19, бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: 

 

1. Мектеп деканы/Орталық басшысы:
  • Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі – 1
  • Сәулет, құрылыс және энергетика мектебі – 1
  • Тілдік құзыреттілік орталығы – 1
  • Денсаулық және спорт орталығы – 1

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  1. Ғылыми дәрежесінің немесе PhD немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы.
  2. Білім беру ұйымдарында немесе тиісті даярлау бағыты бойынша басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
  3. Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес Халықаралық сертификатпен расталған В2 деңгейінен төмен емес шет тілін білу.
  4. Соңғы 3 жылда білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.

 

2. Қауымдастырылған профессор
  • Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі – 1

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  1. Ғылыми дәрежесінің немесе PhD немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы.
  2. Қауымдастырылған профессор / доцент (ЖАК) ғылыми атағының болуы.
  3. Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес Халықаралық сертификатпен расталған В2 деңгейінен төмен емес шет тілін білу.
  4. Соңғы 3 жылда оқытылатын пәндер бейініне сәйкес біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы.

 

3. Аға оқытушы:
  • Сәулет, құрылыс және энергетика мектебі – 1
  • Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі – 3
  • Тілдік құзыреттілік орталығы – 3 (қазақ тілі және әдебиет – 1, орыс тілі және әдебиет – 1, шет тілі: 2 шет тілі – 1)
  • Бизнес мектебі – 1 («Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы)

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  1. Шарттардың бірін орындау:
    • ғылыми дәрежесінің немесе PhD немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы;
    • PhD докторантура (3 жылдан артық емес бітіргеннен кейін);
    • ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 10 жыл болған кезде тиісті дайындық бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және болған жағдайда шарттардың бірін орындау:
      1. ҚР ҒжЖБМ / РОӘК ұсынған оқулық немесе оқу құралы;
      2. ЖОО Ғылыми кеңесі ұсынған жеке оқу құралы немесе оқулық;
      3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдардағы бес ғылыми мақала;
      4. Citescore (СайтСкор) бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар немесе Scopus (Скопус) дерекқорында Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Journal Citeishen reports) деректері бойынша халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы (1, 2 және 3 квартильге кіретін журналдар) бір ғылыми мақаланың;
      5. Қазақстанның ашық білім беру ұлттық платформасында орналасқан МООС;
    • Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі және шарттардың бірін орындауы:
      1. жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алыс шетел ЖОО-да тиісті дайындық бағыты бойынша;
      2. шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес Халықаралық сертификатпен расталған тілдік емес пәндер оқытушылары үшін В1 деңгейінен төмен емес шет тілін білуі;
      3. ҚР Сәулетшілер одағына мүшелік;
      4. халықаралық кәсіби сертификаттардың болуы.
  2. Соңғы 3 жылда оқытылатын пәндер бейініне сәйкес біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы.

 

4. Оқытушы:
  • Халықаралық инженерия мектебі – 1 (Физика орталығы)
  • Тілдік құзыреттілік орталығы – 1 (шет тілі: 2 шет тілі)
  • Сәулет, құрылыс және энергетика мектебі – 1

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  1. Тиісті дайындық бағыты бойынша жоғары (мамандық) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
  2. Ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі 3 жылдан кем емес.
  3. Шарттардың бірін орындау, соңғы 5 жылда:
    • Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда екі ғылыми мақаланың болуы;
    • өнертабысқа патенттің немесе авторлық куәліктің болуы;
    • ЖОО Ғылыми кеңесі ұсынған оқу құралының немесе оқулықтың болуы.
  4. Соңғы 3 жылда оқытылатын пәндер бейініне сәйкес біліктілікті арттыру туралы сертификаттың (куәліктің) болуы

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Университет ректорының атына өтініш береді.

Өтінішке қоса төмендегідей құжаттар беріледі:

  • кадрларды тіркеу жөніндегі жеке парақ;
  • өмірбаян;
  • төлқұжат немесе жеке куәліктің көшірмесі;
  • жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың көшірмелері және оларды салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары;
  • қайта даярлау және біктілікті жетілдіру сертификаттарының көшірмелері (болған жағдайда) мен түпнұсқалары;
  • соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметімен куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.
  • кафедра меңгерушісі, декан және Университеттің ғылыми хатшысымен расталған ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімі (болған жағдайда);
  • соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
  • құжаттарды тапсыру күніне дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген №075/у нысанындағы медициналық анықтама.
  • уәкілетті орган (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті) берген тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтаманы;
  • құжаттарды тапсыру күніне дейін бір айдан кешіктірмей берілген нейропсихиатриялық ұйымның анықтамасы;
  • құжаттарды тапсыру күніне дейін бір айдан кешіктірмей берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы.

 

Конкурсқа қатысушы бос лауазымға орналасуға арналған білім беру бағдарламасы бойынша жобаның қысқаша таныстырылымын дайындау, өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.

Конкурсқа өтініштер қабылдау мерзімі – хабарландыру жарияланған сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей.

Жоғарыда аталған құжаттарды Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің кадрларды іріктеу және дамыту бөліміне белгіленген мерзімде тапсыру қажет (Серікбаев көшесі, 19 кабинет ГЛ-208).