«ШҚМТУ–2012 мамандар жәрмеңкесінде» экономиканың қазіргі даму жағдайында мамандарды дайындау және қайта дайындау сұрақтарын дәстүрлі талқылау жоспарланған. Бұнда шағын және орта бизнес өкілдері, көптеген аймақтық және қалалық ұйымдардың өкілдері және кәсіпорын басшылары қатысады. Жәрмеңке бағдарламасында – университеттің озат түлектерін таныстыру, жұмыс берушілермен жеке танысу, студенттердің ең үздік жобаларын көрсету.

Жәрмеңке өткізудің нәтижесі жұмыс берушілер мен түлектердің арасындағы келісім шартқа тұру және жұмысқа алу ниеті болып табылады.

Ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларына 2012 жылдың 10 наурызынан бастап жәрмеңкеге қатысу үшін On-line тіркелуге болады.

Анықтама телефондары 8 (7232) 54-09-54.