«IT-Планета 2011» (http://world-it-planet.org) ақпараттық технологиялар саласындағы Халықаралық студенттiк олимпияданың аймақтық туры тұңғыш рет - Д.Серiкбаева атындағы шығыс - Қазақстандық Мемлекеттiк техникалық университетте жүргiзiлдi.
Бiздiң университет екі жарыста Қазақстанның он екi оқу орындарынан 26 қатысушыларды қабылдады.
ШҚМТУ-дың ректоры, олимпияданың қамқоршылар кеңесінің мүшесі, Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы қатысушыларды және командалардың өкiлдерiн ашылумен құттықтап, жақсы нәтижелер тiледi.
Аймақтық көзбе-көз турды өткiзу үшiн ұйымдастыру комитеті құрастырылды, оның төрағасы Ақпараттық технологиялар және энергетика факультетiнің деканы Мұхамедиев Ғабит Хамитұлы болды. Комитеттiң құрамына ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушiсі Денис Наталья Федоровна, осы кафедраның ең тәжiрибелi «олимпиаднигi» - аға оқытушы Загайнов Иван Александрович кірді. Студенттiк командаға басшылық ету 10-NИС-2 тобының магистранты Кузнецова Еленаға түстi.
Факультеттiң жатыққан ұжымына жарыстарға қатысып қана коймай, халықаралық олимпиядалардың аймақтық турларың өткiзуді үйренуге де тура келдi.
Максим Шелеховтың (10-NВТ-2) басшылығымен магистранттар командасы, Алтай технопаргінің сыныптарына қажеттi программаларды орнатты, осы сыныптарда төрт сағаттың ішінде қатысушылар жарыстар бойынша тапсырмаларды орындау керек болған.
Кафедраның студенттерi екiншi жыл қатар өте сырттай турды өтуде қазақстандық финалға алты жолдама алып, жақсы нәтижелер көрсеттi:
Богатырев Владимир Олегович, 08-ВТ-1, жарыс-«Oracle Java Olympic бағдарламалау»;
Корабай Улан Алтынбекұлы, (08-ВТ-1), D-Link компаниясының жарысы - «Хаттамалар, сервистер жөне жабдық»;
Сагадиева Айнур Айбековна, 08-ИС-1, жарыс - «1C:Предприятие 8 бағдарламалау»;
Игликов Элвис Борисович, 08-ИС-1, жарыс - «1C:Предприятие 8 бағдарламалау»;
Бубликов Алексей Александрович, 10-NВТ-1,5, D-Link компаниясының жарысы - «Хаттамалар, сервистер жөне жабдық»;
Ауганбаев Ардақ, 10-NВТ-1,5, D-Link компаниясының жарысы - «Хаттамалар, сервистер жөне жабдық».
Кафедраның үш студенті, ең күрделі тапсырмаларды орындап, жақсы нәтижелер көрсетіп 27 сәуірде Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университетінің негізінде өтетін финалға өтті,(www.kbtu.kz). Биыл олимпиаданың финалында Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның, Узбекистана, Беларустың ең білімді студенттері қатысады.
Аймақтық финалдардың біздің алты қатысушыларымыздың ішінен ең бақыттысы Корабай Улан болып шықты. Ашылу салтанатында «Хаттамалар, сервистер жөне жабдық» (D-Link) жарысындығы өз жеңісі туралы сезiктенбей, ойланып отырған болатын.
Төртiншi курс студентi былтырғы қатысушыларды: бiрiншi курс магистранттарың Ауғанбаев Ардақты және Бубликов Алексейді ұпайлар бойынша басып озды. Алексей тек қана алтыншы орынға ие болды. Қатысушылардың дипломдарың қазылар алқсының төрағасы, D-Link компаниясының өкiлi Базаров Ботажан Жұмаханұлы, Қарағанды қаласы және «1С-Рейтинг» оқу орталығының жетекшiсi Назарова Наталья табыстады.
Ауғанбаев Ардақ, D-Link жарысына екiншi рет қатыса, екiншi орын алды, кафедра меңгерушiсiнiң қолынан халықаралық финалға жол ашқан жеңiмпаздың дипломын ғана алмай университет тағайындаған жүлдені де алды.
Екiншi жарыс барлық Қазақстаннан он үш қатысушыны жинаған «1C:Бухгалтерия 8-ді қолдану» жарысы, «1С» компаниясының өкiлi Сап Вячеслав Александровичтың басшылығымен жүргiзiлдi.
Бұл жарыстың жеңiмпазы Ахмета Байтұрсынов атыңдағы Қостанай мемлекеттiк университетiнің студенті Иванова Оксана болды. Оксана ШҚМТУ-даң жүлдеғана емес, «1С-Сапа» олимпиядасының компания-әрiптесiнен, қазылар алқасының төрағасы Алматыдан әкелген ноутбукке де ие болды.
Мұнша жүлдені жас жеңімпаз жалғыз әкете алмас.
Марарпаттау рәсiмiнен кейiн олимпиада қатысушыларына Шығыс - Қазақстандық «Азия-Авто» Автомобилдiк зауытына экскурсия ұсынылды. Экскурсия «БИПЭК АВТО» ЖШСнің компания төрағасы Самойлов Александр Григорьевичпен ұйымдастырылды.
Өскеменнің қонақтары "Азия Авто" АҚ-ның өндiрiс бойынша директоры Свадьбин Александра Генннадиевичтін әр түрлi маркалар автокөлiктерiн құрастыру және тестеу туралы әңгiмесiн зор ықыласпен тыңдады.
ШҚМТУ-дың финалымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетi «1C:Предприятие 8 бағдарламалау» жарысының қазақстандық финалың өткiздi. Бұл жарыста бiздiң төртiншi курс студенттеріміз қатысты Сағадиева Айнұр және екiншi орын алған Игликов Элвис.
Барлығы бiздiң қазақстандық финал сәуiрде Алматыда өтетін халықаралық финалдың алты қатысушысын анықтады.
Қатысушылар тапсырмаларды орындап болғанша тоғыз университеттердiң өкiлдерi университеттiң корпустармен және лабораторияларымен танысты. Денисова Н.Ф. оларға ШҚМТУ-нің оқу-білім беру порталының жұмысын көрсетті.
Сөйтіп, аймақтық турді өткiзiп, бiздiң университет Алматы, Астана, Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Самара, Томск, Хабаровск, Пятигорск, Ростов-на-Дону сияқты қалалардың олимпияда-ұйымдастырушы ЖОО-рының қатарына қосылды.
Оргкомитет олимпияданың әрiптестерiне, жетекшi мамандары қатысушылардың жұмыстарың бағалаған, өлкенiң кәсiпорындарына: «ҮМЗ» АҚ-на, «Rating» ЖШС-не, «Предприятие КС» ЖШС-не, «1С:Франчайзинг»-ке, «СПЕЦИАЛИСТ» фирмасына, ризашылығын бiлдiредi.
Халықаралық финалында бiздiң финалисттарға жеңіс тiлеймiз.
Иван Загайнов
Фото Александр Проскуряков