18 қазан 2011 жылы Д.С.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасының аға оқытушысы Гүлжанат Ниязханқызы бастауымен экономика және менеджмент факультетінің бірінші курс студенттерінің арасында «Діни экстремизм» тақырыбында дебат өткізілді. Дебатқа осы факультеттің тәрбие жұмысы бойынша деканның орынбасары Ережепова С.К. қатысты. Гүлжанат Ниязханқызы өз сөзін қазіргі таңда өзекті деген үлкен мәселелердің бірі қаптап кеткен түрлі діни ағымдардың өскелең ұрпаққа, жастарымызға рухани тұрғыдан кері әсерін тигізетіні, бұрын соңды болып көрмеген діндер, діни ағымдар туралы тоқталды. Дебатта екі сұрақ қарастырылды: біріншісі – «Адам психологиясына басқа діндердің әсері», ал екіншісі сұрақ – «Хиджаб кию міндет пе, әлде еліктеушілік пе?».
11- ТДТК-1 тобынын студенті Темержанов Жасұлан дебат барысында ислам дініне тоқталды. Хиджаб кию қоғамдық орындарда жастарға міндет емес екендігі туралы 11-БМК-1 тобынын студенті Тлебалдинова Әсел өз пікірін айтты. Дебат тартысты әрі қызықты өтті, студенттер арасында пікір талас болды.
Талқыға салынған сұрақ бойынша мына студенттер өз ойларын ашық жеткізе білді.Олар: Баязиева Еркежан, Слямхан Рауан, Медеутаева Мөлдір Қайратқызы Меруерт, Ерназарова Айғаным, Кәрібаева Үміт, Орынбасар Балнұр, Омаров Сағдат, Сабазова Айшат, Кенжеханов Ермек, Камалханова Маржан, Қазбекова Лаура.
Дебат соңында Ережепова С.К. сөз алып жастарды «дүние жүзін дүрліктіріп отырған лаңкестік пен экстремизмге жол бермей, имандылыққа баулитын ислам дінімізді берік сақтауға өз үлесімізді тигізейік»,- деп өз сөзін аяқтады.