Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Берлин Техникалық университеті және Volkswagen қорымен бірлесіп «Орталық Азиядағы экологиялық тұрақты транспорттық жүйені зерттеу» (SUMRICA) жобасының 2-кезеңіне қатысуға байқау жариялайды. Байқауға магистранттар, магистр дәрежелі жас ғалымдар және докторант қатыса алады.

Жобаның екінші кезенінің тақырыбы - қаладағы қолжетімділік және тұрақты мобильділік.

«Орталық Азиядағы экологиялық тұрақты транспорттық жүйені зерттеу» (SUMRICA) жобасының екінші кезеңіне арналған зерттеу салалары келесі тақырыптарды қамтиды:

  • Ықшамды/ қолжетімділік үшін алдын-ала шартты хабарлау;
  • Қаладағы тұрақты мобильділік аясында оның маңыздылығы мен қолжетімділігі;
  • Қолжетімділік аспектісі (уақытша, кеңістік, әлеуметтік, экономикалық, қаржылық, сапасы мен санына қарай);
  • Аралас жер құрылымдарын қолдану  (мысалы, үй/жұмыстың балансы, автономия ұғымдары);
  • Жаяу аймақтар;
  • Тұрақты қалалық мобильділік- уақытша аймақтық дискурс, қатысу, парадигмалар, маңызды тапсырмалар, басқару құрылымдары, қызығшылық танытқан тараптарды бағалау, тәжірибелік қол жетімділікті бағалау, мысалы индикаторлар жүйесін дамыту сияқты стратегияның алдын-ала жағдайлары.
  •  Грант жобаның қатысушыларын Берлиндегі Техникалық Университетінде 3 ай көлемінде тағылымдамадан өтуге қаржыландыруды, сонымен қатар Өзбекстанда өтетін жазғы мектептің жұмысына қатысуды ұсынады.

Грант мөлшері:

  • докторантураға түскен немесе түсуге ниет білдіруші магистратура түлектері үшін - сақтандыру және виза шығындарын қоса есептегенде айына 1300 €;
  • магистранттар үшін - сақтандыру және виза шығындарын қоса есептегенде айына 1100 €;

Жоба қатысушыларына қойылатын талаптар:

  1. Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ оқитын докторант, магистр, магистрант қатыса алады.
  2. Қатысушы ағылшын тілін меңгеру деңгейі B1 төмен болмауы қажет (растайтын сертификат)
  3. Қатысуға өтініш беру үшін,  жобаның сайтынан өтінішті жүктеп алып толтыру керек- https://blogs.tu-berlin.de/ztg_sumrica-project/activities/sumrica-research-stays-phase-2-april-2019-october-2019/ 

Өтініштер 2018 жылдың 24 қарашасына дейін қабылданады

Егер сізге қызықты болса, біз сізді Г1- 235 ауд. күтеміз!!!!