2025 жылдың 10-11 сәуірінде профессор Жеңіс Оразханұлы  Құлсейітовтың  80 жылдығына арналған «Жастар  шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» атты студенттердің, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың ХІ Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы қатысуға шақырамыз.

Конференцияға қатысуға студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар, сондай-ақ қарастырылып отырған мәселелерге қызығушылық танытатын барлық адамдар шақырылады.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша ұйымдастырылады:

  • Жасанды интеллектің дамуының заманауи инженерияға әсері;
  • Құрылыс және сәулет саласындағы жасанды интеллект;
  • Энергетикада жасанды интеллектті қолданудың жаңа мүмкіндіктері;
  • Жасанды интеллект технологияларының даму перспективалары мен тенденциялары;
  • Жер туралы ғылымдардағы жасанды интеллект: қазіргі жағдайы және даму тенденциялары;
  • Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру және жасанды интеллектті енгізу контекстіндегі қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелері;
  • Тілдер, дене шынықтыру, спорт және әскери ғылымды дамытудағы өзекті үрдістер.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияның негізгі күндері:

  • конференцияға қатысушыларды тіркеу – 2025 жылдың 01 ақпанынан бастап;
  • конференция материалдарын қабылдау – 2025 жылдың 01 ақпанынан бастап;
  • конференция материалдарын қабылдаудың соңғы мерзімі – 2025 жылдың 10 наурызына дейін;
  • ұйымдастыру жарнасын төлеу – 2025 жылдың 31 наурызына дейін;
  • конференцияны өткізу – 2025 жылдың 11-12 сәуір аралығы.

Қатысуға өтінімді, конференция талаптарына сәйкес ресімделген мақаланы, төлем туралы түбіртекті конференция сайтына жіберуіңіз керек.

Тіркелу сілтемесі:

Тіркелу нысаны

Байланыс телефоны: +7 705 415 5873 (Жунусова Альмира Казбековна - Ғылыми-зерттеу қызметі департаментінің бас маманы).