Minor "IT - геология"

  Мәтінді оқу  

Бұл курстың басты міндеті-студенттерді кен орындарын модельдеу бағдарламасында белгіленген процедуралардың барлық реттілігімен таныстыру, сонымен қатар студенттерге кен орындарын өз бетінше модельдеуге және бағдарламалардағы қорларды санауға үйрету.

Майнор тау-кен ісі саласындағы өндірістік, технологиялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық, ғылыми-зерттеу және жобалау қызметін табысты жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды дамыту мақсатында техникалық білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған.

Мақсаты: Геологиялық, тау-кен өндіру саласында талап етілетін бағдарламаларды игеру, шартты модельдеу жөніндегі бағдарламаның алгоритмін пайдалана отырып, геологиялық 3D модельдеу бойынша практикалық білім мен жұмыс дағдыларын игеру

Маманның құзыреттілік картасы Қалыптастырылатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері

Инновациялық технологияларды (геологиялық объектілерді модельдеу және CorelDraw және AutoCAD, Leapfrog, Micromine бағдарламаларында қорларды есептеу) қолдана отырып, геологиялық жұмыстардың міндеттерін шешу қабілеті.

Қазіргі ГАЖ-да командаларды, әдістемелерді және жұмыс дағдыларын меңгеру

Геологиялық модельді құру, геологиялық модельге деректердің бірнеше түрін біріктіру бойынша тәжірибелік дағдылар

Тапсырмаларды орындау үшін оқу және кәсіби қызметте аталған бағдарламаларды қолдану.

 

 

Minor курсы:

  1. Геологиядағы векторлық графикалық редакторы - CorelDraw
  2. Бағдарламалық жасақтама - Leapfrog geo
  3. Бағдарламалық жасақтама - Micromine

 

  • Еңбек сыйымдылығы: семестрге 5 кредит
  • Пререквизиттер: жоқ
  • Тыңдаушылардың ең аз саны: 10
  • Тыңдаушылардың ең көп саны: 200