Курс туралы

Пән тау-кен металлургия саласының мамандары үшін CorelDRAW бағдарламасын игеруді көздейді.

Бұл курс геологиялық графиканы құру және редакциялау кезінде CorelDraw векторлық редакторының мүмкіндіктерін қарастырады.

Қазіргі кезеңде геологиялық барлау жұмыстарын сипаттамалық графикасыз елестету мүмкін емес, ол неғұрлым толық көрсетілсе, соғұрлым геологтар мен геофизиктер зерттеу объектісі туралы неғұрлым нақты және егжей-тегжейлі түсінікке ие болады.

Бүгінгі таңда тау-кен өнеркәсібі үшін ең танымал графикалық платформалар CorelDRAW және AutoCAD болып саналады. Бұл заманауи АЖЖ маркшейдерияда, геологияда, тау-кен жұмыстарын жобалау мен жоспарлауда қолданылады.

Оқытушылар

Зимановская Наталья Александровна PhD доктор, Жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры. Құрылымдық геология, Кен объектілерін модельдеу, Геокартировка, Тау-кен ісіндегі автоматтандырылған геоақпараттық жүйелер пәндері бойынша дәріс, практикалық және зертханалық сабақтар жүргізеді. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің тапсырысы бойынша мемлекеттік бюджеттік ҒЗЖ-ға қатысады.

Ағалиева Бақытгүл Болатқанқызы, Жер туралы ғылымдар мектебінің оқытушысы, "Геологиядағы ГАЖ", "Геологиядағы математикалық модельдеу", "Геотектоника және металлогения" пәндері және бакалаврларға арналған басқа да пәндер бойынша дәріс, практикалық және зертханалық сабақтар жүргізеді.