Бұл курстың басты міндеті-студенттерді кен орындарын модельдеу бағдарламасында белгіленген процедуралардың барлық реттілігімен таныстыру, сонымен қатар студенттерге кен орындарын өз бетінше модельдеуге және бағдарламалардағы қорларды санауға үйрету.
Майнор тау-кен ісі саласындағы өндірістік, технологиялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық, ғылыми-зерттеу және жобалау қызметін табысты жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды дамыту мақсатында техникалық білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған.
Мақсаты: Геологиялық, тау-кен өндіру саласында талап етілетін бағдарламаларды игеру, шартты модельдеу жөніндегі бағдарламаның алгоритмін пайдалана отырып, геологиялық 3D модельдеу бойынша практикалық білім мен жұмыс дағдыларын игеру
Маманның құзыреттілік картасы | Қалыптастырылатын негізгі құзыреттер | Оқыту нәтижелері |
---|---|---|
Инновациялық технологияларды (геологиялық объектілерді модельдеу және CorelDraw және AutoCAD, Leapfrog, Micromine бағдарламаларында қорларды есептеу) қолдана отырып, геологиялық жұмыстардың міндеттерін шешу қабілеті. |
Қазіргі ГАЖ-да командаларды, әдістемелерді және жұмыс дағдыларын меңгеру |
|
Геологиялық модельді құру, геологиялық модельге деректердің бірнеше түрін біріктіру бойынша тәжірибелік дағдылар |
||
Тапсырмаларды орындау үшін оқу және кәсіби қызметте аталған бағдарламаларды қолдану. |
Minor курсы:
- Геологиядағы векторлық графикалық редакторы - CorelDraw
- Бағдарламалық жасақтама - Leapfrog geo
- Бағдарламалық жасақтама - Micromine
- Еңбек сыйымдылығы: семестрге 5 кредит
- Пререквизиттер: жоқ
- Тыңдаушылардың ең аз саны: 10
- Тыңдаушылардың ең көп саны: 200