Курс туралы

Курс сертификаттық процедураларды жүргізу арқылы қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растауды талап ететін автомобильдің қауіптілігі жоғары нысан екенін түсіну үшін кәсіби ортада техникалық құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында барлық мамандарға арналған, сондай-ақ автомобильдердің сапасын сараптамалық бағалау үшін автомобильді және оның жинақтауыштарын сынау әдістерімен танысу. Курс аяқталғаннан кейін білім алушы автомобильдерді сынау және сертификаттау қағидаларын және рәсімдерін меңгереді.

Оқытушылар

Мұздыбаев Мұрат Сеитович, т.ғ.к., ЖАК доценті, «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының профессоры – бакалавриаттың бейіндік пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарын өткізеді: «Көлік техникасының сенімділігі», «Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері», «Көлік техникасын өндіру, жөндеу және пайдаға асыру технологиясы», «Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге арналған технологиялық жабдықтар», магистратура: «Көлік техникасының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету», «Көлік техникасын пайдалану және қызмет көрсету», «Автокөлік техникасын жасаудың ғылыми негіздері», «Автомобильдерді өндіру технологиясы», «Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы», «Автокөлік техникасын кәсіби жобалау», «Машиналарды диагностикалау мен сынаудың әдістері».

Муздыбаева Альфия Сеитқызы, т.ғ.к., ЖАК доценті, «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының профессоры – магистратураның бейіндік пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарын өткізеді: «Көлік техникасының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету», «Автокөлік техникасын жасаудың ғылыми негіздері», «Сараптаманы жоспарлау және жасау», «Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы», «Көлік және көлік техникасын болжау және эксперттік сараптау», «Көлік техникасының сапасын қамтамасыз етуге арналған қазіргі заманғы технологиялар».