Социум мен индустрияның дамуы мен жұмыс істеуі көлік қатынасынсыз мүмкін емес. Қозғалыс тиімділігі мен жайлылық, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету үшін жүктерді тасымалдау талаптарын қанағаттандыратын адам қоғамдастығын және әрбір жеке тұлғаны қоғамдық және жеке көлік құралымен қамтамасыз ету міндеті автомобильдердің көмегімен шешілді.
Автомобильдер пайдалылық қызметтерін жүзеге асыра отырып, өзінің дамуының басынан бастап спорттық құрал-жабдықтар ретінде қолданылды, мәдени және көркем шығармашылық элементтерін, демалыс және туризм қызметтерін жүзеге асырды. Автомобильдер теледидар, радио, интернет сияқты біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Аталған салаларды технология түрінде автомобиль құрылымынан көруге болады. Қызметтік функциялардың алуан түрлілігі автомобильдердің әртүрлі концепциялары мен архитектурасын, оның шанақ құрылымының вариацияларын және жабдықтар тізімін тудырады.
Осылайша, автокөліктер тек индустрияға ғана емес, адам тұрмысына да кірді. Сондықтан автомобильдердің құрылысын, олардың конструктивтік және басқа да бірқатар ерекшеліктерін, жұмыс істеу қабілеттілігі мен пайдаланудағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған техникалық күту ережелерін таныстыру және зерделеу, әрбір әлеуетті тұтынушыны техникалық немесе гуманитарлық бағытталған мамандарға бөлмей, олардың маңызды факторына айналады.
Мақсаты: Адам ағзасына бейімделген автомобиль құрылымын құру саласында қосымша кәсіби құзыреттілікті дамыту, сынау әдістері арқылы автомобиль құрылымдарының қауіпсіздігін растау, сондай-ақ пайдалану кезеңінде автомобильдердің жұмысқа қабілетті және жарамды күйін қолдау.
Маманның құзыреттілік картасы | Қалыптасатын негізгі құзыреттер | Оқыту нәтижелері |
---|---|---|
Автомобильдердің эргономикалық дизайнын әзірлеу, сынау және сертификаттау процедураларын орындау, автомобильдердің техникалық қызметін жүзеге асыру қабілеті. | Автомобиль дизайнының эргономикалығын бағалау дағдыларын меңгеру | |
Автомобильдерді сынау және сертификаттау дағдыларын меңгеру |
Minor курсы:
- Эргономика және автомобиль дизайны
- Автомобильдерді сынау және сертификаттау
- Автомобильдердің техникалық қызметі
- Еңбексыйымдылығы: 15 кредит
- Пререквизиттер: жоқ
- Тыңдаушылардың ең аз саны: 10
- Тыңдаушылардың ең көп саны: 200