Курс туралы
Курс автомобильдің агрегаттары мен тораптарын диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және жөндеуді қамтитын техникалық сервистің алдын алу іс-шараларын жүргізу арқылы автомобильдің жарамды техникалық күйін қолдау үшін кәсіби ортада техникалық құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында барлық мамандарға арналған. Курс аяқталғаннан кейін білім алушы техникалық сервис принциптерін, диагностика әдістері мен тәсілдерін, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу әдістерін меңгереді, қолданылатын жабдықтар мен құрал-саймандармен танысады.
Оқытушылар
Мұздыбаев Мұрат Сеитович, т.ғ.к., ЖАК доценті, «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының профессоры – бакалавриаттың бейіндік пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарын өткізеді: «Көлік техникасының сенімділігі», «Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері», «Көлік техникасын өндіру, жөндеу және пайдаға асыру технологиясы», «Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге арналған технологиялық жабдықтар», магистратура: «Көлік техникасының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету», «Көлік техникасын пайдалану және қызмет көрсету», «Автокөлік техникасын жасаудың ғылыми негіздері», «Автомобильдерді өндіру технологиясы», «Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы», «Автокөлік техникасын кәсіби жобалау», «Машиналарды диагностикалау мен сынаудың әдістері». |
|
Завалко Александр Григорьевич, т.ғ.к., ЖАК доценті, «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының доценті – магистратураның бейіндік пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарын өткізеді: «Көлік техникасының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету», «Көлік техникасының агрегаттары мен түйіндерінің заманауи құрылымдары», «Көлік техникасын пайдалану және қызмет көрсету», «Машиналарды диагностикалау мен сынаудың әдістері». |