Minor "Растрлық, векторлық графиканы, 3D модельдеу және визуалдауды өңдеудің қолданбалы бағдарламалары»

  Мәтінді оқу  

Бүгінде компьютерлік визуализацияның көптеген әдістері бар. Мұнда олардың толық тізімін келтіру мүмкін емес, бірақ олардың арасында кеңінен қолданылатын келесі әдістер ең танымал болып табылады: фотореалистік суреттер; көркем суреттер; анимация; күн траекториясы; виртуалды шындық және басқалар.

Майнорларда игеру үшін ұсынылатын бағдарламалар: CorelDRAW, Adobe Photoshop, 3ds max жоғарыда аталған компьютерлік визуализация әдістерімен танысуға мүмкіндік береді.

 

Мақсаты: Презентациялық материалдарын әзірлеу үшін CorelDRAW, Adobe Photoshop, 3ds max бағдарламаларын игеру және қолдану.

Маманның құзыреттілік картасы Қалыптасатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері

2D және 3D графикасында эстетикалық және графикалық құзыреттер қалыптасады.

3D көріністер мен 3D нысандарды жасау және модельдеу бойынша құзыреттер қалыптасады.

Рендерде және визуализация тәсілдерінде құзыреттер қалыптасады.

CorelDRAW, Adobe Photoshop командаларында жұмыстың әдістері мен дағдыларын меңгеру.

Autodesk 3ds Max модельдеу тәсілдерін меңгеру,

3D-объектілерді, 3D-көріністерді жасауды меңгеру.

Визуализация тәсілдерін білу.

Компьютерлік дизайн, түс бөлу, жарнамалық және презентациялық материалдарды, сондай-ақ интернет-беттерді жасау дағдыларын меңгеру.
Визуалдауды талап ететін әр түрлі материалдарды әзірлеу үшін оқу және кәсіби қызметте аталған бағдарламаларды қолдану.
Ең жақсы нәтижеге жету мақсатында әр түрлі әзірлеушілер мен әр түрлі форматтағы бағдарламалардың өзара әрекеттесуін білу.

 

 

Minor курсы:

 

  • Еңбексыйымдылығы:  Бір семестрге 5 кредит
  • Пререквизиттер: жоқ
  • Тыңдаушылардың ең аз саны:  10 (аудиториядағы ПК саны бойынша)
  • Тыңдаушылардың ең көп саны:  30