Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі кешені-халық шаруашылығының аса маңызды базалық элементі, онда айқындаушы рөл атқарады және минералдық шикізат пен отынның көп бөлігін жеткізуші болып табылады. Тау-кен өнеркәсібі тұтастай алғанда елдің экономикалық әлеуетін айқындайтын басым салалардың бірі деп танылды.
Тау – кен ісінің басты мақсаты-қоғамды минералды шикізат өнімдерімен қамтамасыз ету және жер асты кеңістігін одан әрі пайдалану үшін жер қойнауын сақтау. Қазіргі кезеңде тау-кен өндірісі жүйелік кешен ретінде қарастырылуы керек. Рентабельді және әлеуметтік тиімді тау-кен өндірістерін салу мен дамытудың кепілі қазіргі заманғы тау-кен ғылымдары болып табылады. Бұл ретте тау – кен ғылымдарының басты практикалық мақсаты - жоғары қарқынды, автоматтандырылған, ресурс үнемдейтін, экологиялық таза және қауіпсіз технологиялар жасалуы тиіс.
Майнор тау-кен өнеркәсібі саласындағы өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқару, ғылыми-зерттеу және жобалау қызметтерін табысты орындау үшін қажетті білім, біліктілік және дағдыларды қалыптастыру мақсатында техникалық білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған.
Мақсатыпайдалы қазбаларды ұтымды және тиімді өндіру мақсатында геология, маркшейдерия, ақпараттық, ГАЖ-технологиялар, экономика, жоспарлау және менеджмент саласындағы білімді табысты үйлестіре отырып, тау-кен өндірісінің заманауи технологияларын енгізуге және қолдануға қабілетті, қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндеріне серпінді әрекет ететін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.


Маманның құзыреттілік картасы
Негізгі құрылатын құзыреттер Оқыту нәтижелері
Өнім сапасын, тау жыныстары массивтерінің жай-күйін басқару, тау-кен кәсіпорындарындағы аварияларды жою және тау-кен жұмыстарының экономикалық тиімділігі бойынша іс-шараларды дайындау үшін инновациялық технологияларды жасау және қабілеттілікті қалыптастыру Қойылған тапсырмалар мен мәселелерді сипаттау үшін өнім сапасын басқарудың негізгі әдістерін білу
Заманауи технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдану арқылы пайдалы қазбалар кенорындарын игерудің әдістерін қолдану

Minor курстары:

  1. Тау-кен квалиметриясы
  2. Тау-кен өндіру секторындағы дрондар
  3. Геотехнология

 

  • Еңбек сыйымдылығы:  15 кредит
  • Пререквизиттері:  жоқ
  • Тыңдаушылардың ең аз саны:  10
  • Тыңдаушылардың ең көп саны:  400