Курс туралы
Дрондардың көмегімен қол жетімді емес жерлерде және қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жерлерде кеңістіктік мәліметтерді жинауға мүмкіндік туады.
Сіз үйренесіз:
- тау-кен-өнеркәсіп кәсіпорындары мен іргелес аумақтардың топографиялық түсірілімдерін жасау;
- тау-кен жұмыстарын дамытуды жоспарлау;
- бұрғылау-жару жұмыстарын жобалау;
- мердігер ұйым берген жобалау құжаттамасын және нақты деректерді салыстырып тексеру;
- тау-кен қазбалары мен үйінділерінің көлемін бағалау.
Оқытушылар:
Берікболұлы А, ЖтҒМ оқытушысы, «Тау-кен өндірісінің негіздері», «Тау жыныстары және процестерінің физикасы», «Тау-кен ісіндегі геоақпараттық жүйелер», «Тау-кен кәсіпорындарының құрылысы», «Ашық тау жұмыстары технологиясының негіздері», «Кенді және кенсіз кенорындарын ашу және дайындау», «Тау жыныстарын жарылыспен бұзу», «Тау-кен өндіру кәсіпорындарын жобалау» пәндері бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізеді. |