Типтік жол-көлік жағдайлары

Курс туралы

ЖКО туралы статистикалық деректер көрсеткендей, көптеген жағдайларда олар әдеттегі жол-көлік жағдайларында болады.

Осы курс аясында білім алушылар ЖКО алдындағы жол қозғалысының типтік жағдайларымен, сондай-ақ көлік құралдары жүргізушілерінің қате әрекеттерімен танысады. Типтік жол-көлік жағдайларындағы ЖКО мысалдары қарастырылады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мамандар үшін болашақта осындай ЖКО-ның алдын алу бойынша практикалық ұсыныстар келтіріледі.

Оқытушылар

Макенов Алтай Абылаевич, т.ғ.к., доцент, "Жол қозғалысын ұйымдастыру", "Көлік құралдарының қауіпсіздігі", "Автокөлік құралдары", "Жол-көлік оқиғаларының сараптамасы", "Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету" пәндері бойынша дәріс және практикалық сабақтар жүргізеді».

Машекенова Әсия Хасеновна, т.ғ.к., доцент, "Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету", "Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары", "Жол жағдайы және қозғалыс қауіпсіздігі", "Автомобиль жүргізушілерін даярлаудың әдістемелік негіздері", "Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару" пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарды өткізеді».