Minor «Қауіпсіз қозғалыс»

Соңғы жылдары өткен Қазақстан Республикасының жылдам автомобилизациясы жаңа қазіргі заманғы деңгейде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігіне алып келді. Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру өте өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселе болды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру жөніндегі шаралар жүйесінде қылмыстық-әкімшілік және азаматтық-құқықтық сипаттағы шаралар үлкен маңызға ие. ЖКО фактісі бойынша қылмыстық істерді әкімшілік және сот зерттеуі жалпы жол қозғалысы үрдісінің негізін құрайтын «жүргізуші-автомобиль-жол-орта» жүйесінің өзара іс-қимыл жасайтын элементтерінің барлық жиынтығын қамтитын арнайы техникалық білімді пайдалануды талап етеді.

ЖКО санын азайту жолдарының бірі жол қозғалысының қатысушылары болып табылатын адамдарды, бірінші кезекте көлік құралдарының жүргізушілерін жол сауаттылығы бойынша оқыту болып табылады.

ЖКО туралы статистикалық деректер зардап шеккендермен болған ЖКО 90%-ға жуығы көлік құралдарының жүргізушілері қателіктерге жол беретін типтік, қайталанатын жол-көлік жағдайларында орын алатынын куәландырады. Демек, тиісті оқу орындарында Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін зерделеу оның негізін нақты жол-көлік жағдайларында көлік құралдары жүргізушілерінің қате іс-қимылдарын зерделеуді құрайтын сындарлы оқытумен толықтырылуы тиіс. Осының барлығы жүргізушілердің жолда дұрыс жүріс-тұрыс дағдыларын және көлік құралын тиімді басқару техникасын жетілдіруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Minor курсы:

 

  • Еңбек сыйымдылығы:  15 кредит
  • Пререквизиттері:  жоқ
  • Тыңдаушылардың ең аз саны:  10
  • Тыңдаушылардың ең көп саны:  20

 

Мақсаты: көлік үрдісін басқару мен материалдық ағындарды бөлу саласында қосымша кәсіби құзыреттерді дамыту.

Маманның құзыреттілік картасы Қалыптасатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
Материалдық ағындарды бөлу жүйесі мен көлік үрдісін басқарудың инновациялық технологияларын әзірлеу және қалыптастыру қабілеті. жолдарда дұрыс жүріс-тұрыс тактикасы мен автокөлік құралдарын басқару техникасын меңгеру
ЖКО-ның объективті себептерін мен оның жағдайларын анықтау дағдысын меңгеру
көліктік-логистикалық жүйелерді оңтайландыру мен жеткізу тізбектерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау дағдыларын меңгеру