Жол-көлік оқиғаларын талдау және сараптау

Курс туралы

ЖКО сараптамасы әрбір нақты ЖКО-ның объективті себептері мен мән-жайларын анықтау мақсатында құқықтық шешімге техникалық негіз құру үшін жүргізіледі. Пән ЖКО сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу саласында базалық білім алуды қамтамасыз етеді. ЖКО-ны (автотехникалық сараптама) зерттеудің техникалық жағына баса назар аударылады. Сот тәжірибесінде орын алған ЖКО-ның таралған түрлерін сараптамалық зерттеу әдістемелері, ЖКО материалдарын рәсімдеу және қарау тәртібі, Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар зерделенеді.

Оқытушылар

Макенов Алтай Абылаевич, т.ғ.к., доцент, "Жол қозғалысын ұйымдастыру", "Көлік құралдарының қауіпсіздігі", "Автокөлік құралдары", "Жол-көлік оқиғаларының сараптамасы", "Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету" пәндері бойынша дәріс және практикалық сабақтар жүргізеді».

Машекенова Әсия Хасеновна, т.ғ.к., доцент, "Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету", "Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары", "Жол жағдайы және қозғалыс қауіпсіздігі", "Автомобиль жүргізушілерін даярлаудың әдістемелік негіздері", "Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару" пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарды өткізеді».