Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ӨНЕР МҰРАЖАЙЫ №45 орта мектебі КММ қонақ етті.
Кездесу А.Охотенконың «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - Туған жер» атты фотокөрмесінен басталды. Автор туған жерінің тарихы, фотокөрмесі туралы әңгімелеп берді.
Экскурсия Политехникалық Өнер Мұражайының галереясында жалғасты. Оқушыларға қазба жануарлары, мамонт, азуы алты қарыс жолбарыс сынды жәдігерлер таныстырылды. Сондай-ақ, келушілер назарына Мұражайдың бірегей минералды қоры, Үлкен Алтайының гео-позициялық картасының моделі және голографиялық қондырғылар да ұсынылды.
Айта кету керек, аталмыш экскурсиялар тұрақты түрде, қаланың және облыстың барлық орта мектептері үшін өткізілмек.
Следует отметить, что экскурсии проходят на регулярной основе, для всех средних учебных заведений города и региона.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ баспасөз қызметі