ШҚМТУ Мансап орталығы ұйымдастырған кәсіби бағдарлау іс-шаралары аясында университетіміз өз есігін Шемонайха ауданының жоғары сынып оқушылары үшін айқара ашты. Келушілердің саны 120-дан асты.
Кездесу кәсіптік бағдар басқармасының басшысы Альфия Хазиеваның құттықтау сөзімен басталды. Іс-шара университеттің конференц-залында өткізіліп, қатысушыларға университет және факультеттер жайында бейнефильм ұсынылды.
Артынша, қонақтар үшін политехникалық өнер мұражайының геология залына, телекоммуникация зертханалары мен робототехника кабинеттеріне экскурсия жүргізіліп, сирек кітаптар қоры таныстырылды.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ баспасөз қызметі