25 тамызда Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын жүзеге асыру» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Н.Линок маңызды құжаттағы білім мен ғылымға қатысты 77,78,79 қадамдар туралы егжей-тегжей баяндап берді.
Университетте оқытуды ағылшын тіліне сатылап көшіру шаралары туралы педагогикалық ғылымдар кандидаты Толқын Абдрахманова әңгімеледі:
Біз үш бағытта жұмыс істейміз: бірінші – шет тілдер кафедрасы оқытушыларының тілдік және әдістемелік әзірлігін жетілдіру; екінші – негізгі пәндерді оқытатын оқытушыларды тілдік әзірлеу; үшінші – студенттерді базалық және интеграциялық ағылшын тіліне оқыту, - деді ол.
Индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында жоғары машықтанған кадрлар даярлау жоспарын жүзеге асыру барысы жайлы химия, металлургия және байыту кафедрасының меңгерушісі Н.Куленова мен технологиялық машиналар және қондырғылар кафедрасының меңгерушісі Д.Елемес хабарлады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің бастығы Шарбану Мұздыбаева «ЖОО-дағы академиялық қызмет» бағыттарының жүзеге асуы туралы айтты. Ол Назарбаев Университетінде және Сингапурдың жоғары оқу орындарында білім жетілдіргенінен хабардар етті.
Дөңгелек үстелді қорытындылаған Н.Линок ұжым алдындағы міндеттерді орындауға әрбір адам жауапкершілікпен қарауы қажеттілігін талап етті.