«1С:Предприятие 8» платформасындағы есептік-аналитикалық есептерді бағдарламалау бойынша олимпиаданың 1-ші туры да аякталды. Барлық баллдар есептелінде, қорытындылар жүргізілді, жеңімпаздар жарияланды. Алдымен осы турдың өту барысы туралы бірнеше сөз айта кетсек.

2015 жылдың 18 ақпаны күні сағат 10-да Өскемен қаласының интеллектуалды элитасы, дәлірек айтсақ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттері олимпиаданың айтақтық турының басты сыйлығы - Мәскеуде өтетін финалдық турға жолдама алу үшін бар күш-жігерлерін салды. Іс-шара техникалық ниверситет қабырғасында өткізілді. Жас таланттарға оқу үрдісі барысында алған білімдерін практикада қолдану үшін өздерін бағдарламашылар мен экономистер рөлінде көрсету мүмкіндігі туды. Олимпиада 2 сағатқа созылды.

Осы жылғы есептерді шешуді бағалау барысында бағыттар ретінде қолданылған бағалау критерилері келесідей:

  • базадан алынатын нәтижелердің бақылау мысалы нәтижесіндегі сәйкестігі;
  • шешімдерде қолданылмайтын мақсатсыз және ретсіз құрылған объектілердің жоқ болуы;
  • оңтайлы шешімді іздеу алгоритмінің әмбебаптылық дәрежесі;
  • әзірленген алгоритмде оңтайлылық критериін есепке алу;
  • печаттық форманың бар болуы және түзету жұмысы;
  • есептеуді орындау кезінде модульдік қатенің жоқ болуы;
  • құжат формасын және печатты форманы визульды рәсімдеу сапасы;
  • синтаксистік конструкцияны түзете қолдана білу;
  • алгоритмді жүзеге асыру үшін стандартты емес тиімді шешімдердің бар болуы;
  • бағдарламалық коды рәсімделуі мен оқылатындылығы.

Есептердік күрделілігіне қарамастан, қатысушылар өз шешімдерін қатаң әділқазылар алқасына ұсыну кезінде оларды ойдағыдай шеше білді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 3 жеңімпаз анықталды, оларды марапаттау рәсімі 19 ақпанда «1С:Предприятие: Қазақстан Республикасы оқу орындарында кәсіби бағаттар беталыстары» атты 3-ші студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясында жүргізілді. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ 4-ші курс студенті Бимуратова Айжан 1-орын, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ 4-ші курс студенті Серикбаева Канцевич Алена 2-ші орын, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ 2-ші курс студенті Колотвинов Михаил 3-ші орынды иеленді.

Олимпиада жеңімпаздарын құттықтай отырып, іс-шараны ұйымдастыруға үлкен көмек көрсеткен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға алғысымызды білдіреміз. Барлық студенттерге ары қарайда сәттіліктер және жоғары нәтижелерге қол жеткізулерін тілейміз және «1С-Рейтинг» компаниясы мен «1С» фирмасымен өткізілетін басқада шараларға белсене қатысуға шақырамыз. Бізбен бірге аяқ алыса отырып, сіздер өзіне сенімді кәсіби-бағдарламашы боласыз және университетті аяқтаған соң біздің компаниямыздың қызметкері болу мүмкіндігіне қол жеткізесіз.