Ұлттық бизнес-рейтингінің Қазақстан Республикасы кәсіпорындары арасында 2013-2014 жылғы статистикалық сараптау қорытындысы бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Шығыс Қазақстан облысы кәсіпорындары арасындағы ТОП-5-те (алтын) «Жекебас табыс салығы» критерийі бойынша екінші орын, ал республиканың ТОП-35 (алтын) кәсіпорындары арасында «Қосымша құн салығы» критерийі бойынша оныншы орын алды. Сөйтіп ЖОО «Саланың көшбасшысы» атағын алу құқығына ие болды.

Қол жеткен табыстары үшін университеттің бас бухгалтері Ольга Милицина мен жоғары санаттағы бухгалтер Күлнәр Кәкішева «Қаржы және аудит-2015 номинациясында жыл маманы» ұлттық сертификатына, жоғары санаттағы бухгалтер Наталья Всяких «2015 жылдың маманы» ұлттық сертификатына лайық деп танылды. Ольга Милицина «Кәсіби жетістігі үшін» медалімен, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Нұрлан Темірбеков «Экономика мақтанышы» орденімен марапатталды.

Құттықтаймыз!