Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Қазақ хандығына 550 жыл: тарихи тәжірибе және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми- практикалық онлайн-конференция өтті. Оның ұйымдастырушылары - Алтай мемлекеттік университетінің «Қазақстандық жол және Н.Назарбаев» құрметті кафедрасы, Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы ассамблеясы, ШҚО әкімінің аппаратының Достық үйі, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ.

Конференция жұмысына РФ мен ҚР өкімет органдарының өкілдері, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, Алтай өлкесі мен Барнаул қаласының ұлттық мәдени орталықтарының өкілдері, жұртшылық, студенттер - Алтай өлкесі ЖОО-ларында оқитын Қазақстан азаматтары қатысты.

- Біздің халықтарды ортақ территория ғана емес, тағдырластық та бірлестірген,- деді конференцияға қатысушыларды құттықтауында ШҚМТУ ректоры Нұрлан Темірбеков. - Қазақстанның қазіргі саясатында Россияның орны бөлек. Соңғы онжылдықтарда стратегиялық әріптестіктің барлық бағыттарындағы қатынастар тұрақты дамуда. Оған бүгінгі біздің конференция дәлел.

Конференция жұмысы аясында Евразия көшпенділерінің мемлекеттігі теориясының проблемаларына, орта ғасырда Қазақ хандығының құрылып, орнығуына, Орталық Азияның геосаяси кеңістігіне талдауға және басқа мәселелерге байланысты ауқымды сұрақтар төңірегінде егжей-тегжей сөз болды.