Жоғары техникалық колледждің 17-ОП-1р тобында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ашық сабақ өтті. Сабақты жоғары техникалық колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Матаева Г.У. жүргізді. Оқушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнап баяндама жасады. Ашық сабақта Шығыс Қазақстан облысының Өскемен және Семей қалалары туралы айттылды. Сабақ үш тілде (мемлекеттік, ресми және ағылшын) конференция түрінде жүргізілді. Сабаққа қатысқан оқытушылар мен оқушылар отанымыз туралы көптеген мәліметтер алды.