Д.Серікбаев ШҚМТУ және Қазақстанның 20 жетекші жоғары оқу орындары Шанхай және Бейжің қалаларында өткізілген «Қазақстандық білім беру күндері» көрмесінде өз қызметтерін таныстырды.
Көрме Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұйымдастыруымен Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің және Қазақстан Республикасының Шанхайдағы Бас консулдығының қолдауымен өткізілді.
Іс-шара Шанхайдағы Фудань университетінде және Бейжің қолданбалы ғылымдар университетінде өтті. Көрме мектеп оқушылары, университет студенттерінің қатарынан шетелдік студенттерді тарту, сондай-ақ Қытайдағы ЖОО мен қазақстандық ЖОО арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімдер жасау мақсатында ұйымдастырылды. Көрме келушілерге Қазақстанның жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура, докторантура, екінші жоғары білім және академиялық ұтқырлық арқылы білім алу бағдарламаларын салыстыруға мүмкіндік берді.
Көрмеге Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ-мен қатар еліміздің 20 жетекші жоғары оқу орындары, соның ішінде Сәтпаев ат. ҚазҰТУ, Гумилев ат. ЕҰУ, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, UIB, ПМПИ және басқалар қатысты.
Іс-шара барысында 400-ден астам оқушылар мен студенттерге үгіттеу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Университетімізді таныстыру өткізіліп, ақпараттық брошюралар таратылды.
Көрме нәтижесінде Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ делегациясы Қытайдың он ірі техникалық жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесті. Осы кездесулер барысында инновациялық, ғылыми, техникалық және білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы, сондай-ақ бірлескен ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыру және қос-дипломды білім беруді дамыту туралы (Double Degree Programs). меморандумдарға қол қою туралы келісімге қол қойылды.
Айбек Баукенов,
ШҚМТУ-нің бастауыш академиясының меңгерушісі