Студенттер оқып жатқан мамандықтарын неліктен таңдады? Оны білу үшін өздерінен сұрап көрдік. ШҚТУ магистранты Назерке Мұхамедғалиева social media marketing мамандығына оқуға түсудің бес себебі туралы айтып берді.
1. Табыстылық. Мамандық өзекті және сұранысқа ие болғандықтан, табысыңызды өзіңіз басқара аласыз. Сізді қызықтыратын жобаларды таңдап, жүзеге асырасыз.
2. Танымалдық. Сіз әлеуметтік желілер мен сайттар арқылы жеке брендті немесе өз компанияңызды (қызметіңізді) таныта аласыз.
3. Әмбебаптылық. Әлеуметтік желілердің маркетологы - бұл сатылымның конверсиясын арттыратын, сайтқа трафикті реттейтін, Instagram арқылы сатылымдарды орнататын және т.б. көп мақсатты маман. SMM маманы – журналист, беттеуші, дизайнер, редактор, шығармашылық продюсер сынды мамандықтарды біріктіреді.
4. Еркін жұмыс графигі. SMM мамандары күннің кез келген уақытында және кез келген жерден жұмыс істей алады.
5. Қызықты. Әлеуметтік желілер біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналады. Жұмысыңызда әртүрлі сала мамандарымен тығыз жұмыс істеудің арқасында жаңа ақпарат алып, көкжиегіңізді дамытасыз.