Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ №1 жатақханасында «Жастар бірге!» тақырыбында «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Алмас Айтмұқашпен кездесу өтті. Аталған іс-шараны Әлеуметтік-тәрбие ісі және Азаматтық Даму басқармасы ұйымдастырды.
Кездесудің негізгі мақсаты 1 курс студенттеріне «Jas Otan» ЖҚ жұмысы жайында ақпарат беріп, жалпы атқаратын қызметі мен мақсаты, міндеті туралы таныстыру болды. Сонымен қатар, қызықты викториналық ойын өткізіліп, сергіту сәті өтті. Студент жастарымыз ойларымен бөлісіп, келген қонаққа сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алып, алғыстарын білдірді.