Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Халықаралық әйелдер күні терең мағынаға ие. Әйел мен Көктем жаңа өмірдің басталуын білдіреді. Өйткені әйел – өмірдің тірегі.

Д.Серікбаев атындағы  ШҚТУ ерлер ұжымы университетіміздің дамуы мен гүлденуіне қосып жатқан үлестеріңіз үшін, ғылым, педагогикалық қызмет, оқу, шығармашылық және спорттағы жетістіктеріңізге мың алғыс айтады.

Университетіміздің нәзік жандыларына зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз! Шаңырақтарыңыз берекелі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Көктеммен бірге келетін мерекелік көңіл - күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш – жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Мейрамдарыңызбен!

Профессор, ректор Жасұлан Шаймарданов