Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Сәулет және құрылыс мектебі 1972 жылы бітірген түлектерін қонақ ретінде қарсы алды.

50 жылдық мерейтойға Қазақстан мен Ресей Федерациясының түкпір-түкпірінен «Автокөлік жолдары» факультетінің 20-дан астам өкілі келді.

Бұл қонақтардың барлығы жол байланысының инженер мамандары. Университет жарты ғасыр бұрын түлеп шыққан студенттерін қонақжайлылықпен қарсы алып, арнайы кездесу ұйымдастырылып, оқу орны Орталықтары мен зертханаларында көрме ұйымдастырылды.

Қонақтар университеттен кейінгі өмірлерін баяндап, бірі шыны аяқ шай үстінде студенттік шақтарын еске алды. Қонақтар арасында жанұя құрған екі студенттік отбасы болды.

Түлектермен кездесуге университеттің бұрынғы ректоры Баталов Юрий Васильевич те келіп, той тойға ұласты. Себебі, бұл күні құрметті ректордың туған күні еді.

ШҚТУ мамандары да университеттегі түбегейлі өзгерістерді, ғылым мен білімнің алған бағыт-бағдары туралы баяндап берді. Мұнымен қоса студенттік шақтарды мәңгілік сақтау үшін мерейтойлық альбом дайындалуда.