Құрметті білім алушылар, қызметкерлер мен серіктестер!

Сіздермен керемет жаңалықпен бөлісуге қуаныштымыз!

2025 жылы 30 мамырда Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігінің (НААР) Аккредитациялық кеңесінің отырысы өтті.

Аккредитациялық кеңестің шешімімен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің келесі 6 білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге аккредиттелді:

  • 7М06101 Ақпараттық жүйелер
  • 7М06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • 8D06101 Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)
  • 6В07115 Автомобиль жолдарын жобалау және салу
  • 7М07304 Автомобиль жолдары
  • 6В08601 Су ресурстары және су пайдалануы

Біздің білім беру бағдарламаларымыздың аккредитация куәліктерінде Еуропалық жоғары білім сапасын қамтамасыз ету реестрі (EQAR) мен Еуропалық жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттіктері қауымдастығының (ENQA) белгілерінің болуы, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен оның білім беру бағдарламаларына толық сенімділік пен әлемдік деңгейде мойындалатынын білдіреді.

Сарапшылар тобы аккредиттелген бағдарламалардың мынадай күшті жақтарын ерекше атап өтті:ақпаратты жинау, талдау және басқаруға арналған өздігінен жасалған заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; барлық мүдделі тараптардың қанағаттану деңгейін тұрақты түрде өлшеу тәжірибесі және анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған тиімді шаралар; білім алушылар контингентін қалыптастыру және сүйемелдеу саясатының тиімділігі; ақпаратты басқару құралдары мен жүйелерін енгізудің жоғары деңгейі; тәжірибе базаларымен және практикалық дайындық ұйымдарымен тығыз байланыс, соның нәтижесінде түлектердің жұмысқа орналасу деңгейінің жоғарылығы; екіжақты алмасулардың болуы және академиялық ұтқырлыққа жүйелі көзқарас.Сонымен қатар, әсіресе Еуропалық Одақтың жоғары оқу орындарымен халықаралық әріптестіктерді кеңейту қажет.

Университет ұжымын, аталған білім беру бағдарламаларының жетекшілерін және профессорлық-оқытушылық құрамды халықаралық аккредитациядан сәтті өтуімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да табысты дамуды және шығармашылық жетістіктер тілейміз!

Даму стратегиясы және сапаны қамтамасыз ету басқармасы