Құрметті білім алушылар, қызметкерлер мен серіктестер!
Сіздермен керемет жаңалықпен бөлісуге қуаныштымыз!
2026 жылы 18 мамырда Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығында (САААЕ) Аккредитациялық кеңесінің отырысы өтті.
Ұлттық Аккредиттеу Кеңесі агенттігі Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 7 білім беру бағдарламасын аккредиттеді:
3 жыл мерзімге:
- 6B07116 Тау-кен машина жасаудағы инновациялық технологиялар
- 6B07118 Цифрлық агрожүйелер
- 6B07313 Сәулет ортасының дизайны
- 6B06107 Көліктік машина жасаудағы смарт технологиялар мен жасанды интеллект
- 7М04113 Сметалық іс және құрылыс жобаларын инвестициялық талдау
- 7M07207 Қолданбалы геомеханика
- 8D07103 Жылу энергетикасы
Университет ұжымын, аталған білім беру бағдарламаларының жетекшілерін және профессорлық-оқытушылық құрамды халықаралық аккредитациядан сәтті өтуімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да табысты дамуды және шығармашылық жетістіктер тілейміз!
Даму стратегиясы және сапаны қамтамасыз ету басқармасы