Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің акт залында 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған мерекелік концерт өтті.

Шараны құттықтау сөзімен университет басшысы Жасулан Шаймарданов ашты. Университеттің шығармашылық ұжымы өзінің концерттік бағдарламасын ұсынды. Сахнада «Экстази» шоу балеті, «ШҚМТУ Мистері 2017» студенттік конкурсының қатысушылары, АТжБ факультеті, әскери кафедра хоры өнер көрсетті.  Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму басқармасының бастығы Ринат Темиржан «Необыкновенная» атақты әнін тарту етті. Концерт соңында барлық залдағы әйелдер қауымына гүл шоқтары табыс етілді.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі