Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметінің (республикалық гвардия) нысандарын қорғау қызметі «Президенттік полк 0102 әскери бөлімі "Айбын" мемлекеттік мекемесінің басшылығы ШҚО әкімі Даниал Ахметовке үндеу хат жолдады.
Алғыс хат мәтінінде әскери бөлімше жоғары қолбасшылығы біздің жерлесіміз Азамат Кенесбековтің әскери дайындықтағы еңбегі мен жетістіктерін атап өткен. Әскери-дала оқу жаттығулары бойынша бірінші орын алып, Азамат «Үздік маман» және «Үздік атқыш» құрметті атағына ие болды. Арнайы әскери атақтар мен көптеген жетістіктерге ие. Хатта басшылық сонымен қатар әскери қызметкердің отбасына, мұғалімдеріне, жоғары оқу орнына, лайықты отан қорғаушы тәрбиелеп өсіргені үшін алғыс айтады.
Азамат Кенесбеков Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің жер туралы ғылымдар факультетінің түлегі . Университетті тәмәмдағаннан кейін 2016 жылдың көктемінде Қазақстан Республикасының Қаурлы Күштер қатарына шақырылған.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі