Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Қазақ, орыс тілдері» кафедрасына қарасты «Абай» клубының ұйымдастыруымен, ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі, Алаш баласының сауатын ашып, елімізді өркениетті мемлекеттердің қатарына қосуды мақсат тұтқан А.Байтұрсынұлының - 150 жылдығына арналған, «А.Байтұрсынұлы - рухы биік ғұлама ғалым» атты ашық отырысы өткізілді.

Ашық отырыстың негізгі мақсаты - Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттау, қызығушылықтарын арттыру, келешек ұрпаққа жеткізу; Ахмет Байтұрсынұлының адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, ұрпағымызды ұлтжандылыққа, адами қасиеттерге тәрбиелеу.

Отырыс жұмысына «Абай» клубының мүшелері, университет студенттері, кафедра оқытушылары және арнайы шақырылған қонақтар: «Абай академиясы» ҒЗИ директоры, ф.ғ.к, доценті Ж. М. Әубәкір «Адамды үйлесімді дамыту» ұлттық институтының аға оқытушысы, ф.ғ.к Г.Н. Зайсанбаева және М.С. Нарикбаев атындағы КазГЮУ университеті, ЖГМ профессоры, ф.ғ.к. С. О. Симбаева онлайн режимінде қатысты.

Ғалымдар өз сөздерінде Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларындағы құндылық мәселелеріне, Абайды танудағы ғалымның қосқан үлесіне және ғылыми терминологияны қалыптастырудағы еңбектеріне тоқтала отырып, ойларын ортаға салып, мазмұнды баяндамалар жасады.

Сонымен қатар, Абай клубының мүшелері университетіміздің белсенді студенттері: Хажайв Күміс, Тоқтарбеков Азамат, Асхатов Арнур, Әуельбеков Ерасыл, Адилькан Мади ғалымның өмірі мен қоғамдық саяси қызметі және шығармашылық мұрасына шолу жасады. Ал, «ТМжЖ» студенті, жас ақынымыз, университет қабырғасындағы Жас Отан жастар қанаты ұйымының төрағасы Нұсқау Сағдат, Ұлт ұстазы арнап авторлық өлеңін оқып берді.

Өткізілген шараның жұмысын қортындылай келе, ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.

Қатысушы әріптестер тарапынан шараның ұйымдастырылуы жоғары дәрежеде өткендігі аталып өз ризашылықтарын білдірді.