Мектеп бітіретін 9-11 сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Бұл әрине үлкен өмірге қадам басардағы ең жауапты сәттердің бірі. Себебі осы бағыт-бағдар адам ғұмырының алдағы болашағына өз әсерін тигізеді. Дұрыс жол тапсаң дүниеге пайдасы бар кірпіш ретінде қаланудың мумкіндіктеріне қол жеткізесіз..

Бүгінгі негізгі инженерлік дайындық факультетіннің оқытушылары №47 орта мектеппен өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты- дұрыс таңдау жасауға бағыт беру. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі.

Алдағы сынақты сәтті тапсыруға тілектеспіз және Біз сіздерді өз университетіміздің табалдырығында күтеміз, жас түлек!