Шығыс Қазақстан облысы əкімдігі аппарата қарасты Қоғамдық келісім орталығы - Достық үйінде ҚХА кафедраларының Бірлескен күніне орай «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру» тақырыбында əдістемелік семинар өтті.
Семинар ШҚО ҚХА жəне Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың ҚХА қоғамдық кафедрасының ұйымдастыруымен өтті. Іс-шараға «Қазақ жəне орыс тілдері» кафедрасының меңгерушісі Г.Асавбаева, ШҚМТУ оқытушылары, сондай-ақ «Алтайтану» ҒЗО, «Рухани жаңғыру» орталығы жəне Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ ҚХА кафедралары өкілдері қатысты.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі