10-11 мамыр аралығында Астана қ. Forte Bank ғимаратында бизнес-инкубаторлар форумы өтті.
Іс-шара ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілді. Аталмыш форумға STARTUP BOLASHAK «Менің Арманым» конкурсының аймақтық орталықтары болып табылатын жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты. Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-ды Startup Academy жетекшісі Меруерт Утегенова жəне технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің маманы Эльмира Мадинова таныстырды.
Форумның басты тақырыбы - « Қазақстандағы стартап жобалары мен инновациялар экожүйесі».
Іс-шара ҚР БҒМ жауапты хатшысы Арын Орсариевтың құттықтау сөзінен бастау алды. Негізгі спикерлер құрамында Arman Holding КТ негізін қалаушы əрі президенті Серикбай Бисекеев, ҚР қалпына келетін энергетика ассоциациясының директоры Арман Кашкинбеков, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Enactus Kazakhstan директорлар кеңесінің мүшесі Дауржан Аугамбай жəне басқалар болды.
Бизнес-инкубаторлар ассоциациясын құрудың алғышарттары мəселесі - іс-шараға орайластырылған маңызды тақырыптардың бірі болды.
Аталмыш ассоциацияның құрылуы нормативтік базаның болмауы, инкубаторлар қызметінің ерекшелігін түсінудегі осалдық, нетворкинг жəне ресурс алмасудың қажеттілігі, сондай-ақ мемлекет төңірегінде бизнес-инкубаторлар мүдделерін қолпаштау сынды көптеген сауалдардың шешімі болмақ.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі