Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың бас оқу ғимаратында Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін ашық есік күні өтті. Іс-шараға ШҚО ҚХА-ның этно-мәдени орталықтарының өкілдері, университет басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Қонақтарға «Цифрлы университет» жобасын және зертханаларды, «Үлкен Алтай» мұражайы таныстырылып, Евгений Духаниннің авторлық фотокөрмесіне экскурсия жүргізді.
Кездесу барысында «Жоғары білім беру мекемелеріне шетел азаматтарын тарту аясында ШҚМТУ мен ШҚО ҚХА ынтымақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қатысушылар басқа елдерден келетін студенттер ағынын ұлғайту туралы пікір алмасты.
- Көптеген шығысқазақстандықтар Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ біздің өңіріміздің бренді екенін мойындайды, - деді Шығыс Қазақстан облысы ҚХА Хатшылығының басшысы Асқар Нұрғазиев. - Тәуелсіздік жылдарында бұл оқу орнының мәртебесі арта түсті, ал қазір алға қарай жүріп жатыр. Шетелдік студенттерді оқыту үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Сіздерге әрі қарай кәсіби жетістіктер мен жаңа жеңістер тілеймін.