Сәуірдің басында Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігінің сыртқы сараптау комиссиясының сарапшылар тобы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға келді.
Комиссияны Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бөлім жетекшісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Юрий Пак басқарады.
– Бұл ШҚМТУ қызметіне сыртқы бағалау жүргізудің екінші, қорытынды кезеңі, - деді Ю.Пак. – Оның аясында сарапшылар үш құрам бойынша ЖОО-ға баға беруі тиіс:есептер бойынша, көзбен көрген жағдай және университет қызметкерлерінің әрқилы топтарымен өткізілген әңгімелер бойынша. Жоғары оқу орындарында институциалдық аккредитация жүргізу ЖОО туралы әділ баға беруге, алға қойылған міндеттер қалай шешіліп жатқанын анықтауға мүмкіндік береді.
Сарапшылар міндеті –ЖОО-ның күшті және әлсіз тұстарын байқап, оның жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныс беру.
Сарапшылар ректорат өкілдерімен, құрылымдық бөлімдер жетекшілерімен, кафедра меңгерушілерімен, магистранттармен, докторнттармен, студенттермен кездесті.
Сарапшылар түлектермен және жұмыс берушілермен әңгімелесті.
Сондай-ақ сарапшылар тобы университеттің материалдық-техникалық базасымен танысты. Олар ШҚМТУ-дың зертханаларында және дәрісханаларында болды. Комиссия мүшелеріне «Іргетас» зертханасының заманауи қондырғылары қатты әсер етті.
Сарапшылар «Бастау» ғылыми-зерттеу орталығында, кітапханада, «Үлкен Алтай» ғылыми-зерттеу мұрағат-зертханасында болды.
Университет басшылығымен қорытынды кездесу өтті, онда комиссия жұмысы қорытындыланып, ұсыныстар айтылды.