11 қарашада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын арнады. Мемлекет басшысы Қазақстандықтарға мемлекетіміздің жаңа экономикалық саясатының өзегі ғана емес, сондай-ақ «Қазақстан- 2050» стратегиясын орындау жолындағы жаңа серпінді қадамның инфрақұрылымдық дамуының жоспарын ұсынды.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да Жолдау қызу талқыланып, мемлекетті одан әрі дамытудың бағыттары қарастырылады.Талқылауға ЖОО басшылары, профессорлар мен оқытушылар, қызметкерлер мен студенттер активі қатысты.
Проректор Олег Гавриленко, кафедра меңгерушілері Светлана Линок, Юрий Баталов, доцент Владимир Сажин Жолдаудың маңызына кеңінен тоқталды.Олар Елбасының Жолдаудағы ұстанымын қолдап, ЖОО ұжымы мақсатқа жету үшін қажырлы еңбек ететінін айтты.