Сапар барысында біз кәсіпорынның озық технологияларымен таныстық, студенттеріміз үшін өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктерін талқыладық және олардың табысты болашағына маңызды қадам жасадық! Кездесудің басты сәті 07130300 - "Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары" мамандығы бойынша 3W07130301 - "Қазандық жабдығы бойынша қараушы-машинисі", 3W07130302 - "Турбиналық жабдық бойынша қараушы-машинисі", 4S07130303 - "Техник-жылуэнергетигі" біліктілігі бойынша дуальды оқыту туралы шартына қол қойылды. Енді біздің студенттер теориялық білім алып қана қоймай, қазіргі заманғы өндірісте құнды тәжірибе алады.

Бұл серіктестік еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлауға көмектесетініне сенімдіміз!