29 маусымда Алтай мемлекеттік университеті Үлкен Алтай мен оның тұрғындары тарихын зерттейтін V Халықаралық жас ғалымдар мектебінің жұмысын бастады. Шараға Ресей, Қазақстан және Қырғызстан жоғары оқу орындарының студенттері, оның ішінде Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында жұмыс істейтін ШҚО ҚХА жас ғалымдар клубының мүшелері қатысты.

Түрлі буын ғалымдарының кездесуі көрікті Алтай баурайында өтіп жатыр, бұл тарихи атмосфераға толығып, өткенмен байланысын сезінуге мүмкіндік береді.

Сабақтарды түрлі тарихи кезеңдердегі түркология және алтаистика саласындағы беделді зерттеушілер, сарапшылар Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті Мәулен Жакин; «Үлкен Алтай» алтаистика және түркология ҒБО басшысы, Алтай мемлекеттік университетінің шығыстану кафедрасының меңгерушісі, профессор Юлия Лысенко; АлтайМУ археология, этнография және музеология кафедрасының профессоры Сергей Грушин; «Новости Сибири» интернет-журналының бас редакторы Яна Янушкевич.

Мектептің лекторы ретінде алғаш рет Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «DIGITAL SOCIAL RESEARCH» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Нелли Краснобаева сөз сөйлейді. Оның шақыруы - біздің орталықтың және Нелли Леонидовнаның трансшекаралық зерттеулердегі ғылыми еңбегін, халықаралық ғылыми әріптестікті дамытуға және ғалымдардың жаңа буынын тәрбиелеуге қосқан үлесін мойындау.

«DSR» ХГЗО