Мамыр айының басында Көкшетау қаласында «ANTIPARACRAFT-2024» сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы республикалық квест ойынының финалы өтті. Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғап «Altai tarlans» командасы қатысып, ТОП-5-ке кірді.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы Денис Владимирович Шакенов «Altai tarlans» команда мүшелерін және команданың дайындығына үлес қосқан университет қызметкерлерін арнайы қабылдап, құттықтады.
Жастарды сыбайлас жемқорлық мәселесіне тартудың заманауи форматы "ANTIPARACRAFT 2024" республикалық квест ойынына қатысушы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері Заканова Аяна (23 БЭК-1 тобы) және Айтқазинов Тамирлан (23-Вт-1 тобы) және «Адалдық» ұйымдастырушылық-әдістеме орталығы менеджері Еркінбекова Эльвира Еркінбекқызы арнайы алғыс хатпен марапаттады.
Дәстүрге айналған "ANTIPARACRAFT" сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік квест ойыны алдағы уақытта жалғасын табады.