Бүгін Басқарма Төрағасы ректор Сәуле Рахметуллина Astana Hub басқарушы директоры Алина Абдрахманова, ШҚО Цифрландыру және мұрағат басқармасы басшысы Досқожа Рүстем Әсетқанұлы, ШҚО Цифрландыру және мұрағат басқармасының цифрландыру және ақпараттандыруды дамыту бөлімі басшысының м.а. Гүлназ Ахметовамен кездесті.
Делегация кездесу алдында университеттің материалды техникалық базасымен және мүмкіндіктерімен танысты. «VERITAS» "Прототиптеу және материалдарды өңдеу" ғылыми өндірістік кешенінде ШҚТУ ғалымдарының ғылыми жобалары таныстырылып, сонымен қатар, қонақтар Виртуалды әлем саласындағы Құзіреттік орталығында болды.
Университет "Цифрлы университет" жобасында пилоттық болып табылады. Бұл туралы ректор Сәуле Рахметуллина атап өтті. Өз кезегінде, Алина Абдрахманова IT HUB орталығының жобасын таныстырды. Кездесу барысында IT HUB филиалын ШҚТУ базасында ашу сұрақтары, мүмкіндіктері талқыланды.
IT HUB филиалын ашу - өңірдегі белсенді ІТ қауымдастықтарды біріктіреді. Филиал базасында Astana Hub пен ШҚТУ бірге жетілдіретін өңірлік startup-инкубаторлар қызмет етеді. Бұл технологиялық кәсіпкерлік пен адами капиталды дамытуға мүдделі қауымдастықтарды құруға жол ашады.
ҚР Президенті 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауында ІТ саласында білікті 100 000 маманды даярлауды тапсырды. Университет Astana Hub-пен бірге ІТ саласын жетілдіріп, шығармашылық әлекетін арттыратын жастарды даярлауға кеңістік құрады. Бұл жаңа жұмыс орындарын құрып, бизнес ашуға, қаламызға инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Кездесу аясында ШҚТУ-да Astana Hub филиалын ашу туралы келісімшартқа қол қойылды.